Су тасқыны кезіндегі адам өлімі бойынша 7 қылмыстық іс қозғалған

Фото: IIM

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев кейбір жоғалғандар әлі де іздестіріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

«Өкінішке қарай, осындай жағдайлар болды. Барлық дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу қажетті процессуалдық шараларды жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша жағдай қалай болғаны анықталады. Олардың жоғалу себебіне кімнің қатыстылығы бар екені тексеріледі»,- деді Марат Қожаев Сенат кулуарында.

Оның айтуынша Абай облысында екі адам іздестіріліп жатыр, Атырау облысында жоғалған адамдардың денелері табылған. Айта кетейік, Қожаев бүгін су тасқыны кезінде жеті адамның қаза тапқанын ресми мәлім етті.