Тобыл өзенінің деңгейі 11 метрге дейін көтерілуі мүмкін — ресей губернаторы

Ресей Федерациясы Қорған облысының губернаторы Вадим Шумков дабыл көтерді, деп хабарлайды Qazaq.today  агенттігі.

Ол Тобыл өзеніндегі су деңгейі 11 метрге дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты. ТАСС агенттігінің мәліметінше, бірр түнде Қорғандағы бақылау-өлшеу стансасындағы Тобыл өзенінің су деңгейі 24 см-ге артып, 970 см-ге жетті, деп хабарлады жергілікті билік.

РФ Қорған облысы Тобыл өзеніндегі судың көтерілуіне байланысты 669 тұрғын үй мен 2376 саяжайды су басып, 25 елді мекен электр қуатынсыз қалды. Билік Тобыл маңындағы барлық елді мекендердің тұрғындарын, соның ішінде облыстың әкімшілік орталығы Қорған қаласын да көшіруге шақырды.

Облыс губернаторы Вадим Шумков аймақта «қиын жағдай» болжанатынын атап өтті.