Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев «Ақ жол» партиясынан шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy-қа сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Осыған дейін депутаттың БАҚ-қа сұхбат беріп, онда Владимир Путинге әрі арнайы атауға ие болған Украина аумағындағы «арнайы операцияға» қолдау білдіретінін айтқан.
«Мен Ресей президентін қолдаймын. Арнайы операцияны да қолдаймын. Осы жазға дейін Зеленскийді өз халқы ұстап, сотқа береді деп ойлаймын. … Украина билігінде қазір ұлтшылдар отыр», — деген болатын Әбілдаев.
БАҚ-тың хабарлауынша партияластары бұл оның «жеке пікірі» екенін айтқан. «Ақ жол» төрағасы Азат Перуашев дәл осылай айтқаны нақтыланды.
Дегенмен депутаттың бұл пікірі қоғамда үлкен дау тудырды. Осыған байланысты бүгін «Ақ жол» оның мәлімдемесіне «саяси баға» беру туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде Азамат Әбілдаев партиядан шығарылды. Сол сияқты Орталық сайлау комиссиясына масқара болған «ақжолдықтың» депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы хат жолданды.