Бес облыста жол жабылды

Фото: Pixabay

«ҚазАвтоЖол» компаниясы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

«17 сәуірдегі сағат 08:30 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7575 метр болатын су тасқыны орын алды», — делінген хабарламада.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 356 бірлік техника мен 438 адам жұмылдырылған.