Талдықорғанда Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Куәгер ретінде Қанды қаңтар кезінде Алматы облысы ПД басшысының орынбасары болған Данияр Меңдібаев сөз сөйледі. Ол 2021 жылдың қаңтарында Алматы облысының жұртшылықпен байланыс департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.
«Серік Күдебаев «өз халқымды ата алмаймын» айтты. Енді мен сол қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қалалық полиция департаменті ғимаратына шабуыл жасаған кездегі полиция департаменті бастығының сөзін келтіріп отырмын. Егер Күдебаевтың департамент ғимаратынан шығу туралы бұйрығы болмаса, мен қалың жұртқа оқ атуға мәжбүр болар едім», – деді Меңдібаев.
Алматы облысы ПД бұрынғы басшысы, генерал-майор Серік Күдебаевқа қатысты сот өткен аптада басталды. Күдебаевқа 362-баптың 2-бөлігі «Билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану» бойынша айып тағылды. Ол 2020 жылы Алматы облысы ПД басшысы болып тағайындалды. Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін ол қызметінен босатылды. Жуырда қаңтар оқиғасының бір жылдығына орай мәжілісте жаңа деректі фильм көрсетілді. Кадрларда, сол кезде Алматы облысы полиция басшысы қызметін атқарған Серік Күдебаевтың өзі күзетуі тиіс департамент ғимаратынан қарулы күзетшілермен қалай шығып кеткені көрсетілген.
«Қаңтар оқиғасы кезінде бірқатар облыстарда ҰҚК жергілікті бөлімшелері мен ішкі істер департаменті басшылары қарамағындағыларға жұмыс орындарынан кетуге бұйрық берді. Мысалы, мына кадрлардан Алматы облысы ІІД бұрынғы бастығының қалай әрекет еткенін көруге болады. Сол кезде комендант болған Күдебаев полиция ғимаратынан шығып кетті» делінген видеоның сипаттамасында.
Бірақ өзге құқық қорғау органдарының басшылары да ғимаратты тастап кеткенмен, деректі фильмде тек Күдебаевтың әрекеті ғана көрсетілді. Бұның астарында қандай жұмбақ, сыр жатқаны беймәлім. Мамыр айында Бас прокуратура Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылғанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы «Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» бойынша жүргізілді.
Сондай-ақ, сотқа Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарының тұрғындары да қолдап келді. Олар президент Тоқаевтың атына жазылған хатты судьяға табыстады. Ал сотта күдікті ретінде танылған Күдебаев өзіне тағылған айыптардың бірде біреуін мойындаған жоқ. Оның сөзінше, ғимаратқа басып кірген халыққа қарсы оқ атылса, бүгінде құрбандар саны әлдқайда көп болуы мүмкін еді. Себебі, жаппай тәртіпсіздік кезінде алдыңғы қатарда тек қарусыз жастар, тіптен кәмелеттік жасқа да толмаған қыздар, қариялар болған. Халқына оқ атуға рұқсат бермегені үшін істі болып жатқан генерал-майорды екі адвокат қорғап жатыр.