ҰҚК Тараз қаласы полиция басқармасының екі қызметкерін ұстады

Фото: gov.kz

10 сәуір күні Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаменті Полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, Тараз қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметінің екі қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

«Олар заңсыз келген шетел азаматтарына жалпы қамқорлығы үшін 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп жазды Ұлттық қауіпсіздік комитетінен.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.