Бектеновтың және Үкімет мүшелерінің атынан жалған ақпарат тарап жатыр

Фото: Үкімет

Мессенджерлерде қаражат аудару туралы өтініш айтылған Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің атынан ақпарат таратылып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today сайты Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл – жалған ақпарат. Оны интернет-алаяқтар таратып отыр. Жалған ақпаратқа сенбеуге, қаражат аудармауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз. Құқық қорғау органдары алаяқтық әрекеттер жасап жатқан адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізуде», — делінген хабарламада.

Фейк
Фото: Үкімет
Фейк
Фото: Үкімет