Астанада шенеуніктің үйінен 129,4 млн теңге тәркіленді

Фото: Pixabay

Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС (қосылған құн салығы) аудит бөлімінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингіде айтылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС (қосылған құн салығы) аудит бөлімінің басшысын ұстады. Ол 36 млн теңге сомасында ҚҚС қайтару бойынша оң шешім қабылдағаны үшін кәсіпкерлік субъектісінен 3,6 млн теңге сомасында пара алған», — деді Антикордың ресми өкілі Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, тінту барысында оның үйінен 129,4 млн теңге тәркіленіп, тексеріліп жатыр.

«Күдікті соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», — деді ол.