«Қартаю – бақыт»: Джеки Чан 70 жасқа толды

Фото: dzen.ru

Актер 8 сәуірде Instagram парақшасында фотосуреттер мен ұзақ жазбалар жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Желідегі жазба 1 миллионнан астам лүпіл жинады.

“Бұл санды естіген сайын бір секунд ойланып таңғаламын. Шынымен жетпіс жастамын ба? Таңданғаннан кейінгі келетін екінші ой, үлкен ағам Саммо Хунгтың “қартаю – бақыт” деп айтқаны. Әсіресе, экшн-фильмдер түсіретіндер мұндай сәттіліктің қаншалықты сирек болатынын біледі», — деп бөлісті актер.

Мерейтой иесі ескі фотосуреттерімен де бөлісті.

«Бұл суреттерге қараған кезде жүрегім көптеген сезімге бөленеді. Бір сөзбен білдіретін болсам, “мен өз жұмысымды жақсы көремін», – деп қосты ол.

Өнер иесі жылы лебіздерін білдіріп, құттықтаған баршаға алғысын білдірді.