Ресейде көпір опырылып, бір әйел қаза тапты

Фото: РФ Смоленск облысының ТЖМ

Ресейдің Вязьма қаласында көпір опырылды, cол уақытта көпір үстінде бірнеше көлік болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

«Оқиға салдарынан 6 адам зардап шекті. 1987 жылы туған әйел қайтыс болды, бес адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 2010 жылы туған бір бала бар», — делінген хабарламада.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр, құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Дереккөз: KAZINFORM