Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94
Шавкат Рахмоновтың халыққа жасаған видеоүндеуі Instagram желісіндегі жеке парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
«Ардақты ағайын, «Апат айтып келмейді» дейді халқымыз. Көптеген ауыл-аймақты су басып қалды. Үлкендеріміз мұндай апат бұрын-соңды болмағанын айтып жатыр.
Мемлекет тарапынан барлық шара қабылдануда. Әскерилер, құтқарушылар мен еріктілер су тасқынымен күресуге жұмылдырылды. Олар күн-түн демей жұмыс жасап жатыр. Осындай сын сәтте бәріміз бір болайық. Зардап шеккендерге көмек көрсетейік», — деді спортшы.