Атырау облысындағы эвакуациялық пунктте орындар таусылды

Бұл туралы Боранқұл ауылының әкімі Ғалымжан Баймағанбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, эвакуациялық пунктте 6 мың адам орналастырылған. Енді орын жоқ.

«Боранқұл ауылы Атырау облысына жақын болғандықтан эвакуацияланғандар осында қалғанды жөн көреді. Алайда бос орын қалмады», – деді ол.

Тұрғындардан аймақтың барлық аудандары мен қалаларында орналасқан басқа пункттерге хабарласуды сұрады.

«Біз азаматтарымызды Ақтау, Жаңаөзен, Бейнеу, Түпқараған, Қарақия, Маңғыстау және Мұнайлы аудандарында орналасқан эвакуациялық пункттерден көмек сұрауға шақырамыз. Олардың әрқайсысында бос орындар бар, сонымен қатар тамақтану ұйымдастырылған. Біз барлығынан түсіністік танытып, дүрбелең туғызбауды сұраймыз», — деп толықтырды Боранқұл ауылының әкімі.

Бұған дейін Маңғыстау облысы ТЖД Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласы мен елді мекендерінен Маңғыстау облысына 8738 адам эвакуацияланғанын мәлімдеген болатын.