Судың астында қалған Құлсарыда отыз мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.
«Құтқарушылар тұрғындар мен олардың үй жануарларын эвакуациялауға көмектесіп жатыр. Осы уақытқа дейін Жылыой ауданында 28 501 тұрғын, оның ішінде 6 781 бала эвакуацияланды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін Маңғыстау облысы ТЖД Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласы мен елді мекендерінен Маңғыстау облысына 8738 адам эвакуацияланғанын мәлімдеген болатын.