Атырау облысында 4 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

[ad_1]

Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысындағы су басу қаупіне байланысты соңғы ақпаратпен бөлісті.

 

22.45-тегі жағдай бойынша Құлсарыда алдын ала ақпаратқа сәйкес 2500-ге жуық ғимаратты су басты, — делінген хабарламада.

 

ЖАО, ТЖД, ПД, ҚМ, Ұлттық ұлан күштері халықты эвакуациялауды жалғастырып жатыр.

Осы сағатта 4 мыңнан астам адам, оның ішінде 1 мыңнан астам бала эвакуацияланды.