Астанадағы қоғамдық көліктер ескірген, ал жолаушылар жол ақысын төлемейді

Астанадағы қоғамдық көліктер ескірген. Бұл туралы қоғамдық белсенділер айтып отыр.

Елдегі қоғамдық көліктердің 75% астамы он жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Ал, елордада тұрғындары қоғамдық көлікті көп күтетінін, ескіргенін айтады. Олардың санын көбейту де кезек күттірмейтін мәселе дейді тұрғындар.

Қоғамдық белсенділердің айтуынша автобуспен жүретін адамдардың тең жартысы жол ақысын төлемейді екен. Ал, қоғамдық көліктерді жаңарту жұмысы дәл осы төленген жол ақысының есебінен жүзеге асырылады.