«ҚазАвтоЖолдың» экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ұсталды

Фото: © inbusiness.kz

Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Мұратұлы ұсталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды.