Фото: ТАСС
Тайваньнің шығыс жағалауында магнитудасы 3,4 пен 6,5 аралығындағы 20-дан астам жерасты дүмпуі тіркелді. Бұл туралы аралдың Орталық метеорологиялық департаментінен мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.
Магнитудасы 7,2 бар жер сілкінісі сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:58-де (Астана уақытымен 04:58) болып, бүкіл Тайваньда сезілді.
Жергілікті сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы аралдың шығыс жағалауында, Хуалянь қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде, ошағы 15,5 шақырым тереңдікте болған.
Бұған дейін Жапонияның солтүстік-шығысында алдын ала магнитудасы 6,0 болатын жер сілкінісі туралы хабарланған болатын. Ол Жапонияның 7 балдық сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша Аомори префектурасындағы Хатиноха мен Мисавада және Ивате префектурасындағы Мияко мен Кудзиде 5 балдан төмен тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Ивате префектурасының солтүстік бөлігінде, шамамен 71 шақырым тереңдікте болды.