Маңғыстау облысында екі жасар қыз үй ауласындағы әжетханаға құлап кетті

Фото: lada.kz

Маңғыстауда екі жасар қыз көшедегі әжетханаға құлап кетті, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға Ақшұқыр ауылында болған. Құтқарушыларға қоңырау 31 наурыз күні сағат 13:12 шамасында түскен. Екі жасар қыз үйдің ауласындағы дәретхана шұңқырына құлап кеткен. Қыздың туыстары оны құтқарушылар келгенге дейін өздері шығарып алған.

«Бала құтқарушылар келгенге дейін құтқарылды», – деп хабарлады ТЖД.

Қызды құтқару сәтінің видеосы тарады.

В Мангистау двухлетний ребенок провалился в уличный туалет (youtube.com)