Бибісара Асаубаева тағы бір турнирде топ жарды

Фото: drs_kz
Блиц-шахматтан 2 дүркін (2021, 2022) әлем чемпионы Бибісара Асаубаева онлайн түрде өткен Swiss Queens Wednesday турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Отандасымыз 11 турдың нәтижесі бойынша, 10 жеңіс, 1 мәрте тең түсіп, қарсыластарынан оқ бойы озып кетті.

Бибісара Асаубаева — 10,5 ұпай (300 доллар)

Теодора Иняц — 8,5 ұпай (250 доллар)
Савита Шри Баскар — 8,5 ұпай (200 доллар)
Вантика Агравал — 8 ұпай (150 доллар)
Фам Ле Тхао Нгуен — 7,5 ұпай (100 доллар)

Swiss Queens Wednesday онлайн турнирі ФИДЕ-нің 100 жылдығына байланысты өткізіліп жатыр. Жарыстың басты ерекшелігі — ФИДЕ ұйымдастырған бәсекенің чемпиондары ғана қатысады.