Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылынан 74 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысы бойынша түнде жаңбыр жауып, су деңгейі көтерілді. Салдарынан Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылында Жем өзені көтерілді.
«Су деңгейі көтерілген соң қауіп туындады. Барлығы 74 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды. Оларды мұнай компаниясының вахталық қалашығына орналастырды. Медициналық көмек қажет болмады. Ауылда екі ауланы су басты», — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, ауылда барлығы 1 300-ден астам адам тұрады.