Петропавлда өрттен бір адам қайтыс болды

Фото: ТЖД

Петропавлда саяжай өртеніп, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Оқиға бүгін болған.

«Бүгін Петропавл қаласында, Новопавловка кентінде саяжай үйінде өрт болды, салдарынан шатыры құлады. Өрт орнында 1968 жылы туған үй иесінің денесі табылды. 12-17 сағатта өрт оқшауланды, сағат 12-32-де жойылды», — делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт орнында 7 адам және 2 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.