Фото: Видеодан кадр
Ақмола облысы Степногор қаласындағы ауруханада науқастарға құрттаған тағам берілген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тамақтың ішінде жәндік қалқып жүргенін емделушілер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.
Аурухананың инфекциялық бөлімшесіне балаларымен ем-дом алуға келген аналар түскі асқа берілген сусында құрт жүргенін байқаған. Емделушілер тек құрттаған сусынға ғана емес, жалпы ауруханадағы тағамға көңілі толмайтынын айтады. Тамағы дәмсіз болғандықтан, пациенттер ас ішуден бас тартқан.
“Аумақ басқармасымен жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі. Ол тексеріс прокуратура органдарына тіркеліп жүргізіледі. Бұған дейін ол тексерілген, жоспарлы түрде, биыл ақпан айында. Аталған факті бойынша ондай бұзушылықтар болған емес”, – деді Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов.