Қосшыда салық органының қызметкері алаяқтықпен тұрғындардың атына несие рәсімдеген

Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен салық органының қызметкері 5 интернет-алаяқтық фактісін ашты, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.

Салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажет деген сылтаумен шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрде жәбірленушілерге микронесиелер рәсімдеу арқылы өзінің шоттарына аударған.

Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабымен («Алаяқтық») қылмыстық жауапкершілікке тартылды.