Фото: Pixabay
Ақмола облысында кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлау дерегі бойынша полиция іс қозғады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
«Кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлау туралы түскен арыз бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 121-бабының 3-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлаймыз. Тергеу шеңберінде қажетті сот-медициналық сараптамалары және басқа да тергеу шаралары тағайындалды», — деді Kazinform сауалына берген жауабында Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Ведомстводан атап өткендей, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.