Қырғыз Республикасына Қазақстанның гуманитарлық жүгі тапсырылды.
Бүгін Мемлекеттік материалдық резервтен тиелген 1 мың тонна дизель отыны ресми түрде Қырғыз Республикасына жіберілді. Гуманитарлық көмек президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қолдауымен көрсетілді. 1 мың тонна дизель отынының екінші партиясы Ыстықкөл облысындағы Балықшы станциясына жөнелтілді.
Тапсыру Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рәпіл Жошыбаев пен Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраевтың қатысуымен іске асырылды.