Фото:t.me/KZgovernment
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ай сайын коммуналдық төлемге қанша ақша төлейтінін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Үкімет брифингінде журналистер министрден коммуналдық төлемге министр соңғы рет қанша ақша төлегенін сұрады, деп жазады El.kz.
Министр коммуналдық төлемге нақты қанша ақша төлейтінін білмейтінін жеткізді.
«Шамамен 100 мың теңгенің айналасында төлеймін», — деп жауап берді Байбазаров.