Қуат Хамитов 64 қарсыласын ұтқан чемпионмен жұдырықтасады

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат Хамитов (26-7-2) ресейлік Александр Шлеменкоға (64-15-1) жауап берді. Спортшылар 4 мамыр Ресейдің Челябі қаласындағы «Трактор» аренасында жұдырықтасады. Бұл айқас аралас жекпе-жектен RCC лигасы 19-турнирінің басты жекпе-жегі болады.

«Челябіде көрісеміз, чемп», – деп жазды Хамитов Instagram желісіндегі стористе.

Шлеменко кәсіпқойда 2004 жылдан өнер көрсетіп, құрылғалы бері америкалық Bellator MMA лигасында жұдырықтасты. 12 жеңіс нәтижесі бойынша, ол Bellator гран-приін екі рет иеленді, орта салмақта чемпион атанып, оны үш рет қорғады.