Фото: Pixabay
Павлодарда жоғары шенді полиция қызметкері жүкті әйелге қол көтерген. Облыстық полиция департаменті хабарлауынша, полиция қызметкері өз әрекетімен құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірді. Енді ол қызметінен қалпына келтіру құқығынсыз босатылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Бұйрыққа сәйкес, Павлодар полиция басқармасы орталық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары теріс мотивпен Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарынан қызметінен босатылды», — деп хабарлады полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полиция қызметтік тергеу аяқталып, тиісті шаралар қабылданғанын хабарлады, алайда оқиғаның мән-жайын ашып айтпады.