Астана әуежайынан өрт шықты

Фото: ТЖМ

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда өрт шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

«112-ге Астана қ. халықаралық әуежайдағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сыртқы белгілері бойынша — №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяда қатты түтін болып, эвакуация жүргізілуде», — делінген ТЖМ хабарламасында.

Сағат 08:24-те өрт сөндірілді. Белгілі болғандай, әуежайдың №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метр электр кабельдері жанған.