Абай облысында өртенген үйден мәйіт табылды

Фото: Pixabay

Бүгін таңғы сағат 08:00-де Абай облысы Бородулиха ауданы Шелехово ауылында жеке тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін тұрғын үйде шатырдың, қабырғалардың, терезе мен есіктердің ағаш құрылымдары өртеніп, ағаш қосалқы ғимараттарға таралғаны анықталды.

«Өрт 10.56 сағатта оқшауланып, 12.02 сағатта толығымен жойылды. Өрттің алдын ала ауданы 100 шаршы метрді құрайды. Өрттің себебі анықталуда. 10.54 сағатта өрт орнында бір адамның денесі табылды», — деп хабарлады ТЖМ.

Өрт орнында Абай облысы ТЖД-дан жеке құрамның 9 адамы және 2 бірлік техника жұмылдырылды.