Қарағандыда машина жасау зауыты өртеніп кетті

Төтенше жағдайлар министрлігі таңертең сағат 06:32-де Қарағандыдағы Әлихан Бөкейханов атындағы ауданда «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС аумағындағы цехтың шатырынан өрт шыққанын хабарлады.

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өртті сөндіруге шұғыл жетіп, тілсіз жауды сағат 8:22 минут кеткенде өшірді.

Өртті сөндіруге жеке құрамдағы 58 адам мен 16 техника жұмылдырылды.

«Сағат 7:52-де өрт сөндірушілер 400 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Кейін өрт сағат 08:22-де сөндірілгені хабарланды.