Белгілі журналсит Дана Нұргіжіт балабақшадағы жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
«Мынандай қатыгездік бөбек жүрегіне қалай, қашан қонған?! Жан дауысы шыққан өзі сияқты баланы аяусыз теуіп, үсті-үстіне жұдырықтап жатқаны көргенін істегені… басқа не айтуға болады? Бала үлкеннің үлгісімен өседі емес пе?! Балалы үйде ұрлық жатпайды дейміз ғой, балалы үйде небір ата-аналар барын бала айтпаса да, әрекеті айшықтап береді. Алматының 51-бөбек жайындағы мына оқиға қоғамды қатыгездік жайлаған, тіпті тамырлап кеткенін аңғартады. Отбасынадағы зорлық-зомбылықтың қандай деңгейге жеткенін көріп отырмыз. Үлкенді заңмен тоқтата алмай жатырмыз. Балаға не айтасың, ал?» – деп жазды ол.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Алматыдағы балабақшалардың бірінде балалар құрдасын аяусыз соққыға жыққанын хабарлаған едік.