Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатты

Фото: photolure.am

Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) қатысуын тоқтатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян France 24 телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Біздің ойымызша, Арменияға қатысты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт әсіресе, 2021-2022 жылдары орындалмады. Бұл мәселеге көңіл аудармай отыра алмаймыз. Біз осы Шартқа қатысуды тоқтаттық. Ары қарай не болатынын көрейік», — деді Пашинян.

«Армениядағы Ресей әскери базасының жабылуы себеп болды ма?»  деген сұраққа премьер «қазір мәселе ол туралы емес» деп жауап берді.