Павлодарда Израиль азаматы 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады Qazaq.today
Полицейлер Қазақстанда тұруға рұқсаты бар Израиль азаматының автокөлікті мас болып жүргізу фактісінің жолын кесті. Жүргізуші Павлодарға «Rally-2024» спорттық шоуына қатысу үшін келген. Енді ол рөлде мас болғаны үшін жүргізуші жазаланады.
Сот Израиль азаматын 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулікке қамауға алды.