100 мың рубльге жалған неке: Желіде қазақстандық қыздың видеосы тарады

TikTok-та қазақстандық қыздар ресейліктерге Қазақстан азаматтығын алу үшін олармен жалған некеге тұруды ұсынатын жаңа тренд пайда болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Егер сен Қазақстанға келген болсаң, мен сенің азаматтық алуың үшін 100 мың рубльге жалған некеге тұруға дайынмын», — деп жазылған қазақстандық қыздардың видеоларында.

Қазақстандық ер адамдар да осындай хабарландырумен видео түсіре бастаған, тек олардың бағасы ресейлік әйелдер үшін 400 мың рубльден басталады.

Осы ретте TikTok блогерлерінің бірі Ресей президентіне үндеу жасап, Қазақстанға келуі үшін әйелдерді де әскери жұмылдыру қатарына қосуды сұрады.