Дэвис кубогінде ел құрамасының қарсыласы анықталды

Фото: ktf.kz
Дэвис кубогі бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды. Қазақстандықтар өз алаңында Дания командасымен ойнайды, деп хабарлайды  Qazaq Today ақпарат агенттігі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қос құрама бұған дейін кездеспеген.

Матч 13-14 немесе 14-15 қыркүйек күндері өтеді. Қазақстан командасы ұтқан жағдайда 2025 жылы ақпанда командалық іріктеу матчында сынға түседі.

Биыл Юрий Щукиннің шәкірттері 3-4 ақпанда тартысты матчта Аргентинаға есе жіберген еді — 2:3.