Түркістандағы балалар өлімі: Күдікті анасы ұсталды

Фото: Түркістан облысы ПД

Полиция екі баласын өлтірді деген күдіктіні ұстады. Әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің бүкіл жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер бағытталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді, — деді ол.

Полицейдің айтуынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады.

Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда, — деп толықтарды сөзін Мұрат Қабденов.