«Нәтиже болады»: Жаңа премьер-министр Тоқаевқа уәде берді

Фото: Ақорда 

Жаңа Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің берген тапсырмаларын орындайтынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Құрметті Президент мырза! Сіз берген ауқымды тапсырмалардың барлығы мүлтіксіз орындалатын болады. Жаңартылған Үкіметтің құрамы оған дайын. Мәселелердің сәнінен гөрі мәніне көп назар аударамыз. Нақты іспен айналысамыз. Нәтиже болады деп уәде беремін», — деді Олжас Бектенов.