Фото: primeminister.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Ақорданың баспасөз қызметі 5 ақпанда таратқан ресми мәліметте кеңейтілген отырыс Қазақстанның 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындылап, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді айқындайтыны айтылды.
«Ертең Үкіметтің кеңейтілген жиыны өтеді. Сол кезде жаңа құрамның алдында тұрған маңызды міндеттерге толығырақ тоқталамын», — деді Президент.