Фото: Ақорда
Айбек Дәдебаев Президент Әкімшілігінің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – Ақорда хабарламасында.
Ал Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды.