Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың ұстағалғаны туралы ақпарат тарады. Лауазымды шенеуніктің тергеліп жатқанын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
«Астана бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растаймыз», — деп хабарлады антикор.
Тергеу жалғасып жатыр. Бұған дейін экология вице-министрі Мансұр Ошурбаев Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайыловпен туысқандығы туралы ақпаратқа жауап берген болатын.
Ulysmedia.kz атышулы утилизация – қайта өңдеу саласын кімдер басқаратыны туралы материал жариялаған еді. Онда біз «ӨКМ Операторының» мұрагері – «Жасыл Даму» 180 млрд теңгенің жымқырылуына байланысты істе үнсіз қалғанын атап өттік. Оның жалғыз акционері – экология министрлігінен де түсініктеме жоқ. Онда жұртшылықтың көп сұрағына қарамастан (тіпті «ӨКМ Операторы» сотына ғана емес, Абай облысындағы өртке де байланысты соңғы оқиғалар аясында да) әлі де үнсіз. Министр Зүлфия Сүлейменова да, кәдеге жарату саласына жетекшілік ететін вице-министр Ошурбаев та өз қызметінен кетпеген, тіпті жазаланбаған.
Осының аясында Ошурбаев премьер-Министр Әлихан Смайыловпен туыстық байланыста болуы мүмкін деген ақпарат желіде тарады. Ошурбаев бұл жаңалықты көргенде «күлкісі келетінін» айтқаны бар.