«Майқайыңалтын» аумағында құтқару жұмыстары тоқтатылды

«GRP-RIDDER-GROUP» ЖШС жүргізген зерттеу қорытындыларына сәйкес шыңырау түбінде топырақ құрылымы өзгеріп, әлсірегені анықталды. Жүргізілетін жұмыстардың орнына да, астында да қуыстар бар екендігі анықталған. Құлау қаупі өте жоғары.

«Осы учаскеде қандай да бір тау-кен, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу іздестіру-құтқару жұмыстарының барлық қатысушылары үшін өте жоғары қауіп пен тәуекелділікте. Апатты жою басшысының орынбасары — КӘАҚҚ РШО Павлодар филиалы директорының орынбасары Жарқымбеков жұмыс істейтін құтқарушылардың, экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнуіне байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

 

Осыған байланысты «Майкайыңалтын» АҚ басшылығы ӘҚҚБ РҚШ ҚҚ-мен бірлесіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен, геологиялық жұмыстар саласындағы сарапшы апаттың барлық периметрін тексеру және жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыру немесе толық тоқтата тұру туралы қорытынды алу үшін тартылады.

Оқиғаның мән-жайы

Еске сала кетсек, биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» компаниясы кенішінің шұңқырына автобус құлаған еді. Автобуста жүргізуші мен үш құтқарушы болған. Сол күні төтенше жағдайлар министрлігі құтқару бөлімшелері қаза тапқан екі адамның денесін тауып, алып шыққан. Екі адам әлі табылмай жатыр.