Ұлттық музейден бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіштің алынып тасталғаны туралы ақпарат тараған.
Музей не жауап берді
Ulysmedia.kz тілшісіне берген жауабында Ұлттық музей өкілдері ақпаратты растады.
– Ескерткіш музей қорында тұрақты түрде сақталатын болады. Бұл жұмыстар екі апта бұрын басталды. Демалыс күндері орны ауыстырылды, — деп хабарлады мұражайдың баспасөз қызметі.
Университет алдынан алынып тасталған ескерткіш
Бұған дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің алдында тұрған ескерткіші алынып тасталған болатын. Ол ескерткіш 2020 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдығында университет алдына арнайы қойылған еді.
Дереккөз: ulysmedia.kz