Жасанды интеллектің білім берудегі заманауи тенденциялары

Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика кафедрасы және қалалық білім басқармасы, «№189 ЖББМ » КММ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

“Қазіргі білім берудегі, жасанды интеллекттің даму тенденциялары” тақырыбы аясында қатысушылардың қызығушылығын қалыптастырып, теориялық негіздемесі және оқу процесінің тиімділігін арттыру жолын көрсетті. Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар Инновациялық технологияларды, жасанды интеллект пен тәжірибені халықаралық деңгейде қолданудың тиімділігін қарастырды.

Арнайы ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференция: Қазақ, Орыс және Ағылшын тілінде өткізілді.