Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.