Асқарбек Ертаев бұл сұрақты министрліктегі әріптесі көші-қон мониторингі басқармасының басшысы Әлижан Мәдиге сілтеді. Басқарма басшысы берген жауапқа қарағанда. былтыр Ресейден Қазақстанға 31 мың азамат келген.
«Олар Қазақстанда уақытша жұмыс істеп, өз еліне қайтады», – дейді ол.
Ал Ресейден келгендердің қаншасына Қазақстан азаматтығы берілгені жайлы ақпаратты еңбек министрлігінің өкілдері білмейді. Сыртқы істер министрлігіне сілтейді.
Еске сала кетейік, былтыр ұлттық статистика бюросы мамандарының айтуынша, соңғы рет оң үрдіс 2022 жылдың қазан айынан бастап, Ресейде мобилизация басталған тұста шетелдіктердің ағыны күрт көбейген кезде байқалғанын хабарлаған еді. Алайда, 2023 жылдың жазына қарай көші-қон сальдосы қайтадан теріс болды және бұл көрсеткіш қатарынан үш айға созылды.