Екібастұзда құрсағында алты айлық сәбиі бар әйел терезеден құлап, көз жұмды

Екібастұзда терезеден құлаған әйелдің құрсағында алты айлық сәбиі болған. Әйелдің денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Павлодарға жіберілді, деп хабарлайд Qazaq.today агенттігі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 жастағы Екібастұз қаласының тұрғынының он жасар баласы бар және анасымен бірге тұрған.

«Оның жүктіліктің 22 — аптасында болғаны анықталды. Әйелдің денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Павлодар қаласына жіберілді», – деп хабарлады басқармадан.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарда түнгі сағат 01:42-де жүкті әйел биіктіктен құлаған. Жедел жәрдем бригадасы шұғылдықтың бірінші санаты бойынша шыққан болатын. Полиция аталған фактіге қатысты тергеу жүргізуде.