Бір жылда 35 мыңнан аса шекара бұзушы ұсталды, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі.
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2023 жылда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:
Шекара кеңістігінде 35 487 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде 1094 шетел азматтары бар.
Мемлекеттік шекара арқылы 8 026 құқық бұзушы тіркелді, соның ішінде:
-
- 444 – есірткі заттары, жалпы салмағы 1 тоннадан астам;
-
- 389 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (36 дана ату қаруы, 986 дана оқ-дәрілер, 4 001 дана суық қару, 125 арнайы құралдар);
-
- 279 – діни әдебиеттер (7 103 дана);
-
- 3 112 – 213 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (429 107 литр);
-
- 2 986 – 12,4 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
-
- 816 – 11,7 млрд теңгеден астам валютаны заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды.
Каспий акваториясында 384 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ жалпы ұзындығы 738 шақырым тор болатын браконьерлік аулау құралдары;
-
- 3 463 дана (20 276 келі) бекіре тұқымдас балықтар;
-
- 45 332 дана (67 899 келі) ұсақ тұқымдас балықтар;
-
- 23 250 дана (10 238 келі) шаян тұқымдастар.
Алды алынған залал сомасы 7 млрд астам теңге болды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.