Түркияда жол апатынан 11 адам мерт болды

Солтүстік Мармара тасжолының Сакария аймағында 7 көлік соқтығысқан апат салдарынан 11 адам қаза тауып, 57 адам жарақат алды, деп хабарлайды Qazaq.today TRT haber телеарнасына сілтеме жасап. 

Апат қалың тұман салдарынан болғаны хабарланды.

Сондай-ақ апат салдарынан Стамбул бағытындағы тасжолда көлік қозғалысы тоқтатылды.

Фото: ашық дереккөзден

Qazaq.today