«Ремстрой» ЖШС: сапасыз құрылыстарды салумен айналысқан 8 компания лицензиясынан айырылды

Алматыда сапасыз үйлерді салумен айналысқан 8 ірі компания лицензиясынан айырыды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Әкімдік биыл сапасыз құрылысқа қатысты 1 мыңнан астам бұзушылықты анықтаған.

Биыл жүргізілген жоспардан тыс тексерулер аясында Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы 1140 бұзушылықты анықтап, жол берілген бұзушылықтарды жоюға 634 ұйғарым берді.

Сапасыз құрылыс пен құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін 68 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 8 техникалық қадағалау ұйымы және 25 техникалық қадағалау сарапшысы аттестатты 6 ай мерзімге тоқтату түріндегі жауапқа тартылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 312-бабы 2-бөлігі бойынша 8 компания құрылыс лицензиясынан айырылды:
— «АРТЕМИДА ЛТД» ЖШС;
— «ТриА Холдинг» ЖШС;
— «Ремстрой» ЖШС;
— «ABM Building» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
— «Debo Stroy» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
— «ЕДІЛ-СТРОЙ СЕРВИС» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
— «Ақ Ордасы корпорациясы» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
— «DP ENGINEERING GROUP» ЖШС (лицензияның кіші түрі).

Кіші түрлерінен айырылған компанияларға басқарма олардың лицензияларынан толық айыру үшін наразылық енгізгенін атап өткен жөн.